Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Ортағасырлық Сарайшықтың келелі мәселелері" атты дөңгелек үстел

2019 жылғы 10 сәуірде "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Атырау газеті "Ортағасырлық Сарайшықтың келелі мәселелері" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған қатысушылар "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, профессор Ә.Мұқтар, Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі инспекция басшысы М.Кипиев, магистр, Сарайшық туралы іргелі еңбектің авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Мұстафин, археолог М.Қасенов және Атырау облысының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің жетекшісі Орынтай Молдашқызы болды. Атырау газеті бас редакторы И.Балмағамбетов жүргізді. Дөңгелек үстелде қозғалған негізгі мәселе Сарайшық қаласынын сақтау, қорғау және Ортағасырлық Сарайшықты жақын арада қоршау жасалмаса оның бұзылатындығы баса айтылды. Сонымен қатар Ортағасырлық Сарайшықты зерттеген ғалымдардың жазбаларын өзара салыстырып, болашақта сол деректерге сүйене отырып қаланың келбетін қалыптастыру мәселелері туралы және Сарайшықты жастар арасында насихаттап оларда бір ортаға топтастыру, алдағы уақытта Сарайшықта Көрісу мейрамын кең көлемде атап өту жайлы ұсыныстар айтылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru