Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Жастар саясаты және әлеуметтік қорғау» атты дөңгелек үстел өтті

«Сарайшық» сапар орталығында Махамбет ауданы әкімдігі мен «Сарайшық» музей-қорығының бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар саясаты және әлеуметтік қорғау» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Атырау облысындағы аудан әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты. Шарада Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жексенбай Дүйсенбайұлы Пазулов «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі-әлеуметтік саясаттың негізі» тақырыбында, Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ақжол Сатыбалдыұлы Қонысбаев «Жастар-қоғамның болашағы мен қозғаушы күші» тақырыбында, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің бас инспекторы Айбек Тұрарұлы «Жастарға бағытталған мәдениет: музей-қорық пен әлеуметтің ынтымақтастығы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу өтті. Шара соңында аудан әкімдіктері мен «Сарайшық» музей-қорығы арасындағы тарихи-мәдени мұра саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru