Бүгін «Сарайшық» музей-қорығында Атырау облысының туризм саласы өкілдерінің қатысуымен «Сарайшықтың туристік әлеуетін арттыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «VISIT ATYRAU» Туристік ақпарат орталығының директоры Болатбек Нұрлыбайұлы, «Амина-Тур» турагенттігінің директоры Жанна Құлынтаевна, «Кеттік Атырау» туристік компаниясының ұйымдастырушысы Орынай Амангелдіқызы, «Shaqaia travel» компаниясының өнім мен креатив бойынша директоры Нұртас Нұрғалиұлы және Махамбет аудандық мекемелерінің өкілдері қатысты.
Кездесуде Сарайшық қаласының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, аймақтық және халықаралық деңгейде туризмді дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың өзара ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
Шара аясында «Сарайшық» музей-қорығы мен «VISIT ATYRAU» Туристік ақпарат орталығы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
![]() |
![]() |