Бүгін, 17 сәуірде «Сарайшық» сапар орталығында 2025 жылдың №1 кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті. Отырыс басында музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар Ғылыми кеңес құрамына енгізілген өзгертулермен таныстырды. Ғылыми кеңестің күн тәртібінде бас қор сақтаушы О.Сағынбаева «Сарайшық» музей-қорығының этнографиялық залын музейлендіруді жетілдіру» жөнінде, бас инспектор А. Тұрарұлы «2025 жылғы археологиялық қазба жұмыстарына, далалық экспедицияларға дайындық мәселелері» барысы туралы талқыға салды. Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер бойынша директор орынбасары Ж.Диярова «Сарайшық қалашығын дамыту жобасының тұжырымдамасы (2025-2030 жж.), 18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылатын «Музей түні» шарасына дайындық барысы» және РФ, Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықта «Алтынордалық Сарайшық мұралары» халықаралық жылжымалы көрмесіне дайындық жұмыстары туралы, ғалым хатшы А. Жұмабаев «Сарайшық оқулары – 2025» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағын баспаға беру» туарлы мәселелер қаралды.
Кеңес отырысына Ғылыми кеңес мүшелері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Төлеген Жаңабай, э.ғ.д., профессор, өлкетанушы Бақтыбек Таубаев, т.ғ.к., профессор Жеңісбек Мұстафин, Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев, Сарайшық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Аралбай Дулат, «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі Қазбек Айтқалиев, Сарайшық ауыл ардагерлері Нығмет Құрмашев, Қабіржан Амиров және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Отырыста Ғылыми кеңес мүшелері мен қатысушылар мәселелерді жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарымен де бөлісті.
![]() |
![]() |