Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Өртке қарсы қауіпсіздік және терроризмге қарсы шараларды қамтамасыз ету» дөңгелек үстелі

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен 2025 жылдың 26 ақпанында «Өртке қарсы қауіпсіздік және терроризмге қарсы шараларды қамтамасыз ету» мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Р. Жақсылықұлы, Махамбет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты А. Нәсімов, Сарайшық ауылдық округінің бас маманы Е. Жақсылықов, «Сарайшық» музей-қорығының инженері А. Есмурзин, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің шеберхана меңгерушісі Қ. Шаймарданов, «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі А. Талғатқызы, «№1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шаруашылық меңгерушісі Р. Бұлқайдаров өртке қарсы қауіпсіздік пен терроризмге қарсы шараларды қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынынан қорғану тақырыбы аясында баяндамалар жасады. Шара соңында қатысушыларға сұрақтар қойылып, талқыланды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru