Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ортағасырлық Ұшқан қаласы орнына эскпедиция ұйымдастырылды

Қазан айында «Сарайшық» музей-қорығының археологтары А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев, М.Қасенов, Н.Жексенбаев Сарайшық пен Үргеніш қаласы арасындағы ортағасырлық керуен жолдары бойын зерттеу мақсатында Ұшқан қаласы орнында барлау жұмысын жүргізді. Ортағасырлық Ұшқан қаласы қазіргі Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа 55 км қашықтықта орналасқан. Бұл жерде қазір ірі қорым орналасқан. Музей-қорық археологтары қорым айналасын мұқият шолып шығып, бірнеше жерден бақылау шурфтарын салды. Нәтижесінде қала мәдени қабаты 1-0,5 м қалыңдықтан тұратыны анық деп шешім шығарды. Ескерткіштің беткі қабатынан жиналған керамика үлгілері қызыл, сұр балшықты және кашин қышынан жасалғанын көрсетті, түрлі түсті сырлы ыдыс сынықтары арасында қытай селадонының бөліктері кездесті  Экспедиция нәтижесі Ұшқан қаласы аумағы қорымнан шығысқа қарай 300 м-ге дейін созылып жатқанын, қыш кірпішті ғимараттардан тұрғанын көрсетті. Жалпы қала аумағы 300х500 м, цитадель қаланың солтүстік-батысында, көлемі 150х150 м деп есептелді.

Экспедиция мүшелері Ұшқан қаласы орнында

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru