Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

2019 жылдың 29 наурызында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мамандары Жайық өзенінің оң және сол жағалауында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді

2019 жылдың 29 наурызында музей-қорық мамандары Ф.Байдаулетов және А.Зайнов Махамбет ауданының Жайық өзенінің оң және сол жақ жағалауына археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Экспедицияның мақсаты ауданға қарасты ортағасырлық тарихи орындар мен ерте темір дәуіріндегі сармат обаларын анықтау және зерттеу.

Экспедиция бағыты

Экспедиция маршруты Жайық өзенінің оң жақ жағалауынан басталып, өзеннің сол жақ жағалауына жақын аумақтарда жалғасқан болатын. Барлау жұмыстары алдымен Алға ауылдық округіне қарасты Қарабай елді мекені маңындағы обаға ұқсас нысанды анықтаудан басталды. Бірақ та бұл төбешік қолдан үйілген екені белгілі болды. Географиялық координаты N47°29,6039′ / E51°46,7135′

Келесі бағыт Сарайшық ауылының тұсындағы Жайықтың сол жағалауындағы картада көрсетілген обаға ұқсас дөңгелек пішінді көптеген нысандарды бақылаумен жалғасты. Алайда, аталмыш нысандардың кеңес заманындағы мал шаруашылығымен айналысқан шаруалардың шөп жинайтын орындары екені анықталды. Шөп жинау орнын ылғалдан сақтау мақсатында айналасы дөңгелене ормен қазылып, ортаңғы бөлігі биіктетілген. Бұл аймақты осындай орлы нысандардың өте жиі кездесетіні кезінде мал шаруашылығының дамығанын айғақтайды. Географиялық координаты N47°31,4378′ / E51°42,8797′ (2-сурет). Сонымен қатар, Ортақшыл ауылынан солтүстік-шығыстағы сәулеттік ескерткіш, атақты Себек-Беріш руының биі Айтуар Үсенұлының жерленген жері саналатын Алтын қорымы маңынан барлау барысында ортағасырлық екі қорған анықталды. Алтын қорымының солтүстігінде 1,2 км жерде орын тепкен бұл обалардың биіктіктері 1 метр, диаметрі 20 метрді құрайды. Топырағы қызыл кірпіш ұсақ тастары араласқан. Ортағасырлық керамика бөлшектері кездеседі.

Экспедиция бағыты Сарайшық ауылының оңтүстік-батысындағы территорияда жалғасын тапты. Ауылдан 3 км жердегі Құлметен атты қауымның солтүстігендегі 200-300 метр қашықтықтағы аумақтан ортағасырлық Сарайшық жәдігерлеріне ұқсайтын қыш құмыра бөлшектері табылды. 500 х 500 метр болатын аумақ жаяу жүру арқылы араланып, табылған жәдігерлер нәтижесінде бұл аумақта кезіндегі Сарайшыққа жақын жердегі қоныстың болуы жорамалдануда.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru