Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай-Берке қалалары ізімен

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Атырау облысы әкімдігі қолдауымен 2019 жылы 1-4 қазанда Алтын Орданың 750 жылдығына орай Жошы Ұлысы-Алтын Орда астаналары «Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай-Берке қалалары ізімен» атты халықаралық ғылыми-зерттеу, туристік экспедициясын ұйымдастырды. Экспедицияға музей-қорық директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар, ҰҒА корреспондент мүшесі, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор Н.Сеитов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, суретші О.Кендір, тарих ғылымдарының докторы С.Сапанов, тарих ғылымдарының докторы А.Ахмет, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистрі, Уфа мемлекеттік университетінің аспиранты А.Тұрғанбаев, «Хабар 24», «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Қ.Құттымұрат, музей-қорық қызметкерлері және өлкетанушылар қатысты. Экспедиция басты мақсаты Жошы Ұлысы-Алтын Орда тарихының астаналық қалалары орнында ғылыми зерттеулер жүргізу және болашақ туристік маршрутты жасақтау болды. Осы ретте Астрахан және Волгоград облыстық өлкетану музейлерімен бірлесе болашақта атқарылатын жұмыстар пысықталды. Құрманғазы бабамыздың мәңгілік мекені Алтынжар елді мекенінде баба кесенесіне зиярат етті. Алтын Орданың хандары жерленген деп айтылатын Харабали ауданындағы Лапас ауылы маңында, ортағасырлық Сарай-Бату қаласы орнында, Волгоград облысындағы ортағасырлық Сарай-Берке қаласы құландыларында өз зерттеулерін жүргізді. Экспедиция барысында Сарайшық музей-қорығы Астрахан облысындағы «Дария Тур» және «Актив Тур» туристік компанияларымен келісімшартқа отырды. Нәтижесінде, Алтын Орда мемлекеттілігінің тарихында әр қаланың өз орны болғаны, әлем тарихында алатын орындары, туристік мүмкіндіктері айқындалды. Ағымдағы жылдың 1-4 қазан айларында Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қолдауымен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Жошы Ұлысы астаналары «Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай-Берке қалалары ізімен» атты Халықаралық ғылыми-зерттеу, туристік экспедициясын ұйымдастыру жоспарланды. Бұл экспедиция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі тапсырмасын орындауға арналған. Мақсат Жошы Ұлысы-Алтын Орда тарихындағы астаналардың орнында ғылыми зерттеулер жүргізу, Астрахан, Волгоград музейлерімен бірлесіп жұмыстар атқаруға, Атырау облысы бойынша туризмді дамыту үшін тур компанияларымен келісімшартқа отыру.

 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru