Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

2020 жылдың 5-8 қыркүйек аралағында "Сарайшық - Сарай Бату қалалары арасындағы керуен жолдарын зерттеу" мақсатында Құрманғазы және Исатай ауданда болды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экспедиция мүшелерi "Сарайшық-Сарай Бату" арасындағы керуен жолдарын зерттеу мақсатында 5-8 қыркүйек аралығында Құрманғазы, Исатай аудандары аумағында орналасқан Нарын құмына iссапарға шықты. Экспедиция мүшелерi тоқтаған алғашқы нысан Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі, көрнекті қаламгер Жұмекен Нәжімеденовке қойылған Қошалақ елдi мекенiндегi ескерткiш белгi болды.

Сарайшық» музей-қорығының экспедиция мүшелері 6 қыркүйек күні жергілікті өлке тарихын жетік білетін, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанизин Есмұқан және Иманғазиев Ғарифолланың бастауымен Қошалақ елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 40 шақырым қашықтықта орналасқан Тастөбе немесе Тасоба деп аталатын төбеге барды. Жергілікті азаматтардың айтуы бойынша Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің 1837 жылы 15 қарашада өткен Тастөбе шайқасы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы аймағында болған көрінеді-мыс. Белгілі жазушы, журналист Рахмет Иманғалиевтің «Нарын-шежіре» еңбегінде өңірдің байырғы тұрғыны Қибашев Темірболаттың Тастөбе туралы «Әне, терістік шығыста сағымға оранып көрініп тұрған атақты Тасоба - Исатай Тайманұлының орыс әскерлерінен ойсырай жеңіліп, жүзден астам сарбаздары қырылып қалған қансіңді киелі топырақ. Дұрысы - Тастөбе деп аталады. Ол жерге де бір белгі қойса неғылсын.», - деп айтқанын келтіреді. (Иманғалиев Р. Нарын-шежіре. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. 105 б.) Келесі бір жергілікті жердегі аңыз бойынша, Тастөбе қорым-зиратын жасағанда Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің қайғылы күйде аяқталғанын есте қалдыру үшін тастарды әдейі қашап, тескен екен. Оларды қатты жел үрлегенде қайғылы, мұңды зар-ырғақ естіліп тұрады деседі. «Нарын-шежіре» еңбегінде мынадайда мәліметтер кездеседі. "Калинин" атындағы совхоздың директоры Қуаныш Ізімғалиев машинадан түсе сала Тастөбенің шығыс іргесін шарлап, жаяу біраз жүріп алды. - Ертеректе бір келгенімде, сол жерде тотығып қалған орыс мылтығының үлкенді-кішілі бөлшектері жататын. Соны іздегем - таба алмадым. Тастөбені құм қатты басып алған екен, - деді ол өкінішті үнмен. Әйтсе де, бір жер басылған, екінші тұсы ашылған. Аяқ астында ақсиып адам сүйектері жатыр. Қасымыздағы делбе ұстаған қосшысы Шоқан Уахитов бір шағын зеңбіректің (сол кезде түйеге артып жүріп қолданған «отмылтықтың» бірі шығар деп жобаладық) оқшантайын (гильзасын) тауып алды. Тап-таза шойыннан құйылған әлгі пәлекет уақыт озбырлығына ойсырап тозбаған қалпында жатыр екен».
Жолбасшымыз Жанизин Есмұқан көне көз қарттардың Тастөбені Исатай батырдың патша әскерімен шайқасы өткен «Екінші Тастөбесі» деп атайтынын да тілге тиек етті.Атақты Тастөбе шайқасы өткен жерді анықтау, мұрағат қорлары арқылы дәлелдеу үшін әлі де біраз жұмыстар жүргізілу қажет екені көрініп тұр.


Сарайшық - Сарай-Бату қалалары арасындағы керуен жолын зерттеу экспедициясының мүшелері Құрманғазы ауданында орналасқан "Кененбай үңгірі" деп аталатын жерге келді. Айнала тегіс алқап осы жерде төменге опырылып, оның ішінде шағын шахта секілді үңгір пайда болған. Құрманғазылық Құттығали Нәбиев деген азаматтың айтуынша, ол жас кезінде әкесімен бірге Кененбай үңгіріне жиі барып тұрған. "...үңгір бөлмеде құпиялы заттар көп сияқты болды. Оған мені жібермеді, үңгірдегі дүние-мүліктің, жалпы оның құпия тарихын әкем бізге айтпады. Сендер баласыңдар, ондай әңгіменің керегі жоқ" деп тоқтатты. Бірақ артынан көп ұзамай Мәскеуден келген экспедиция мүшелері жарылыс жасады, нәтижесінде үңгірдің келесі бөлмесіне алып баратын жолды тас басып қалған" дейді. Кененбай үңгірі жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер қатарына кірген. Мамандар үңгірді судың шаюынан пайда болған деп санайды. Тереңдігі 4 м, диаметрі 20 м, қабырғасы қатпарлы қатты жынысты тау тасы. Кененбай үңгірін алғаш 1854 жылы геолог-минеролог И. Б. Ауэрбах зерттеген. Соңғы кездері ресейлік спелеолог И. Головачев Кененбай үңгіріне зерттеу жүргізіп жүр. Әдетте таулы жерде кездесетін үңгірлерден біздің Атырау облысы аумағында 5-і бар.

 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru