Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ортағасырлық Сарайшық қаласының археологиялық қазба жұмыстарына студенттер келуде

10 маусым күні ортағасырлық Сарайшық аумағында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті тарихшы студенттерінің археологиялық тәжірибесі басталды. Тәжірибе өткізу “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасындағы өзара бірлескен меморандум арқылы келісілген. Музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар студенттермен кездесіп, сәттілік тіледі. Қазбаға университет археологы, практика жетекшісі Амангелді Зайнов, музей-қорық археологтары Айбек Тұрарұлы, Амангелді Жұмабаев және Жүніс Байгалиев басшылық жасауда. Музей-қорықтың ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық қазба жұмыстарын қолдаған Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті басшылығына рахмет айтамыз!

Возможно, это изображение 10 человек и текст

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru