Құрметті оқырман!
Сіздерді 2023 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10:00-де "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сапар орталығында өтетін Жылыой ауданының 95 жылдығына арналған "Жемнің лебі" аудан суретшілері көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Көрмеде суретші - график, "Қол өнер дауысы" өнер фестивалінің Гран При иегері - Уразғалиев Рзабайдың, мүсінші, Қазақ өнерінің қайраткері, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі - Мәтениязов Серік Қамидоллаұлының, суретші, ҚР суретшілер және дизайнерлер Одақтарының мүшесі - Мамырова Ләззат Оңғарқызының, аудандық музейде жөндеуші - суретші, аудандық көрменің дипломанты - Қыдыров Қосқұлақ Қайрошұлының, суретші, облыстық фестивальдің жеңімпазы - Дәумегенов Бағытжан Баққараұлының, өнер мектебінің мұғалімі, облыстық фестивальдің Гран При иегері - Елтезерова Нұргүл Қадірқызының, графика дизайнері, жас техниктер станциясында үйірме жетекшісі, облыстық қолөнершілер байқауының лауреаты - Шалабаев Қуаныш Шалабайұлының, 13 орта мектепте сурет пәнінің мұғалімі, республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпазы - Мақсотова Нұрила Ғабиденқызының туындылары қойылады.
