Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Әйгілі археолог З. Самашевпен кездесу

"Сарайшық" музей-қорық ғалымдары жоспар бойынша әйгілі ғалым, археолог, Сарайшық архелогиялық қазба жұмыстарын ұйымдастырушысы, әрі кеңесшісі Зайнолла Самашевпен кездесті. Кездесу барысында Сарайшықтағы соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу қорытындылары, оның барысындағы күрделі мәселелер туралы пікірлер алмасылды. Сонымен бірге, алда атқарылар жұмыстар жоспары пысықталды. З. Самашевтың ұсынысымен Сарайшықта алдағы уақытта геомагниттік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін аталмыш музейдің ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А. Пушкаревпен бірлесе жұмыстар жасау жоспарланды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru