Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Грузия елінің делегациясы Сарайшықта

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Сарайшық» сапар орталығына Грузия елінің делегациясы келді. Делегация құрамында Боржоми қаласының мэрі - Отар Арболашвили, Боржоми муниципалитетінің басшысы - Давид Заалишвили, IDS Borjomi Грузия компаниясының президенті және Қазақстан Республикасының Грузиядағы құрметті консулы - Леван Багдавадзе болды. Құрметті қонақтарды сапар орталығында директордың орынбасары Жанар Диярова қарсы алды. Келген қонақтар көне Сарайшықтың тарихы мен аңыздарымен танысып, қала орнын тамашалады.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru