Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жазғы мектептің үшінші кезеңі басталды

"Ақбауыр" археологиялық кешенінде Ә.Марғұлан археология институты ұйымдастырған жазғы археологиялық мектептің 3-модулы басталды. Жазғы мектепке "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері А.Жұмабаев, Ж.Байғалиев қатысуда. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-археологиялық зерттеулер бөлімінің маманы, т.ғ.к. Пушкарев Андрей Александрович "ГИС – геоинформационные системы в археологии" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында "QGIS" бағдарламасы арқылы барлау экспедицияларында немесе алдыннан белгілі болған, бір облыс, аудан немесе ауыл аумағында орналасқан тарихи ескерткіштерді карта түсіру жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, тахеометр құрылғысын пайдалану туралы практикалық сабақтар болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru