Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жазғы археологиялық мектептің екінші кезеңі өтті

Ағымдағы жылдың 5-15 шілде аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық өлкетану музейінің "Ақбауыр" археологиялық кешенінде өтіп жатырған халықаралық жазғы далалық археологиялық мектебінің кезекті археозоологиялық (палеозоологиялық) зерттеулерге арналған модулі аяқталды. Осы модул бойынша Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Археозоологиялық бөлімінің жетекшісі Шагирбаев Мамбет дәріс оқыды. Практика барысында қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жануар сүйектерімен жұмыс жасалды. Жануар сүйектерінің морфологиялық ерекшеліктеріне негізінде жасы мен жынысын анықталды. Сүйектердің латынша атамасын, шашыраңқы орналасқан жануар сүйектерін құрастыруды көрсетті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru