Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықтағы тартымды кездесу

2023 жылғы 18 маусымда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК-на елімізге белгілі археолог, т.ғ.д., профессор Мұхтар Қожа Бахадырұлы келді. Кездесу барысында Сарайшық ғалымдары ортағасырлық Сарайшық археологиясы, "Хан моласы" археологиялық нысанын зерттеу мәселелері, сонымен бірге Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Ерәлі хан тарихындағы ақтаңдақтар туралы ой бөлісті. Сондай-ақ Мұқтар Қожа Әбдрахман Өзкендидің "Қисса-дастан Шыңғыс хан" атты жаңа зерттеу туындысын сыйға тартты.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru