Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ортағасырлық Сарайшық қаласында реставрациялық жұмыстар басталады

9 маусымда ортағасырлық Сарайшық қаласының реставрациялық жұмыстарын жүргізу кезінде туындайтын кейбір техникалық мәселелерге қатысты кеңес өтті. Кеңеске «Сарайшық» музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар, «Қазқайтажаңарту» мекемесінің прорабы Н.Бекбергенов, архитекторлар Г.Камалова, Р.Комаев, А.Сайлауова, археологтар Ж.Смайлов, В.Плахов, А.Тұрарұлы қатысты. Кеңесте туристерге арналған батыс қақпаның орны, «Хан моласы» нысаны шекарасы, мұнара-қақпалар орны белгіленіп, жұмыс алаңы анықталды. Сондай-ақ, зират шекарасы мен қала аумағының шекарасы талқыланып, жұмыстар ауқымы зерделенді. Сарайшықты туристік дамыту бойынша жоспарлы жұмыстардың ішіне кейбір толықтырулар енгізілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru