Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта археологиялық қазба жұмыстары басталды

2023 жылғы 1 маусымда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК археологтары ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №3 қазбада археологиялық зерттеу жұмысын бастады. Зерттеу жұмыстары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қаржыландыратын «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасы аясында жүруде. Жоба жетекшісі – т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова. Қазба жұмысына кеңесшілік етуге ұзақ жылдар Сарайшықты зерттеп келе жатқан археолог Вячеслав Плахов қатысуда. Сонымен қатар белгілі нумизмат, т.ғ.к. Павел Петров қазбадан шыққан тиындардың атрибуциясымен айналысуда.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru