Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Прорва ЕТЛ маңына ескерткіш орнатылды

«Сарайшық» музей-қорығының ұйымдастыруымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Прорва еңбекпен түзеу лагері орналасқан маңға ескерткіш белгі орнатылды. 2020-2022 жылдар аралығында «Сарайшық» музей-қорығы қызметкерлері орындаған «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932 - 1950 жж.)» ғылыми жобасы аясында Атырау облысы Жылыой ауданы территориясында Прорва еңбекпен түзеу лагері болғаны анықталған еді. Прорва кен орнына баратын автокөлік жолы бойына Прорва еңбекпен түзеу лагерінің 1 бөлімшесі орналасқан тұсқа қойылған ескерткіш белгінің ашылу рәсіміне Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова, ғылыми жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова, жоба мүшесі, аспирант Амангелді Жұмабаев, археологтар Айбек Тұрарұлы, Нұрбек Жексенбаев, тарих пәні мұғалімі Гүлдана Ертүгел, мұнайшылар Қуаныш Ғалымов, Еділ Сыдықов, т.б. қатысты. Ұлжан Төлегенқызы лагерь тарихын зерттеу туралы баяндап, ескерткіш тақтаны орнатудың маңызын атап өтті. Гүлнафис Аязберікқызы аудан аумағында репрессия құрбандары ұсталған ірі лагерь болғаны жөнінде аудан жұртшылығының, оқушылардың ақпараттануы тиісті дәрежеде емес екенін айта келе, аймақ тарихының зерттелуіне үлес қосқан ғылыми топ еңбегіне ризашылығын білдірді. Ескерткіш белгіні жасап орнату «КоЖаН» акционерлік қоғамында қызмет ететін бір топ азаматтың демеушілігімен іске асты. Ашылу рәсімі өткен соң қатысушылар лагерь орналасқан орынмен танысты.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru