Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында өткен жиын

18 мамырда «Сарайшық» музей-қорығының ұйымдастыруымен, ортағасырлық Сарайшық қаласы тарих және мәдениет ескерткішінің бір бөлігін қоршау мәселесі бойынша Ескі Сарайшық ауылы тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуде ауыл ақсақалдары, Махамбет аудандық жер бөлімінің өкілдері, Сарайшық ауылдық округі әкімі, «Сарайшық» музей-қорығы басшылығы сөз сөйлеп, ескерткіштің қоршауы мәселесі бойынша жоспарларымен бөлісті. Ауыл тұрғындары көтерілген мәселе бойынша сұрақтар қойып, ауыл әкімі мен музей-қорық директорының жауаптары берілді. «Сарайшық» музей-қорығының директоры Ә. Мұқтар ауыл тұрғындарынан ескерткішті қорғау ісіне қолдау көрсетуді сұрады. Кездесуге қатысушылар ауыл мерейі үшін ортақ істе бірлесе алатындарына сенім білдірді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru