Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Сарайшыққа келді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм келді. Елші Атырау облысына жасаған алғашқы сапарында Сарайшыққа арнайы ат басын бұрған. Мәртебелі қонақты "Сарайшық" сапар орталығында музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар қарсы алды. Елші мырза Сарайшықтың сан қырлы тарихымен таныса отырып қазақ елі тарихына үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар, мейман ортағасырлық Сарайшық қаласындағы қазба орындарын аралап, археологиялық, реставрациялық жұмыстардың нәтижелерін көрді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru