Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Секция отырысы өтті

Пленарлық отырыстан кейін конференцияның 2 бағытта секциялық отырысы өткізілді. Секциялық отырыстар т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова және т.ғ.к., профессор Ж.К. Жұмабаеваның жетекшілігімен өткізілді. Секциялық отырыста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Бейсенбаева Гульназ Канышқызының «Методические рекомендации по изучению городища Сарайшик на примерах археологических раскопок в школьной программе», Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Курумбаев Айбулат Шамуратовичтың «История изучения комплекса эпиграфических памятников «Хан зираты» Бокейординского района Западно-Казахстанской области», Алматы қаласындағы №38-інші қазақ-орыс гимназиясының мұғалімі Ешмухамбетова Айна Джанбулатовнаның «Охрана памятников историко-культурного наследия Казахстана», З.Қабдолов атындағы жалпы білім беретін № 40 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Самаликова Жаңылсын Шахидоллаевнаның «Көкжар мешітінің тарихы мен тағылымы», №13Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназия «шебер педагог» санатты тарих және құқық пәні мұғалімі Утеулиев Жума Тапеновичтің «Алтын Орда мемлекеті: жаңа тарихи көзқарастар мен ғылыми тұжырымдар», №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп-гимназиясының тарих және құқық пәні мұғалімі Айжарық Ләззат Бисембайқызының «Атырау өлкесіндегі ортағасырлық қалалар мен мекендер», Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистранты Қалияқпар Жантөре Амангелдіұлының «У.Х. Шәлекеновтың археологиялық зерттеулері» атты баяндамалары тыңдалынды. Конферения соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru