Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» сапар орталығында Ғылыми кеңес отырысы өтті

17 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Сарайшық» сапар орталығында алғашқы рет 2023 жылдың №1-інші кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылыми кеңеске а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Б.Ж. Таубаев, т.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры У.Т. Ахметова, т.ғ.к., археолог М. Касенов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Т. Жаңабай, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі Ө. Әлімгерей, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі директоры, магистр, тарихшы М.Қ. Кипиев, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысы Т. Достыбаев, Сарайшық ауылдық округі әкімдігінен Қ. Есенғазиев, Сарайшық ауылы ардагерлері Х. Сисенғалиев, Н. Құрмашев, Г. Амиров, БАҚ өкілдері және музей-қорық қызметкерлері қатысты.
Ғылыми кеңес құрамына Сарайшық ауылының өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан, а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Б.Ж. Таубаевты мүше ету туралы ұсыныс қолдау тапты. Кеңесте бас қор сақтаушы О. Сағынбаеваның «Сарайшық» сапар орталығын музейлендіру мәселелері, музей қызметін жаңарту», әкімшілік-шаруашылық бөлім меңгеруішісі А. Үмбетованың «Музей-қорықтың материалдық-техникалық жағдайы және оны шешу жолдары» баяндамалары тыңдалды. Кеңес барысында «Сарайшық оқулары – 2023» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы», «18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні-2023» мерекелік шарасы», «2023 жылғы ортағасырлық Сарайшықтағы реставрациялық және қоршау жұмыстары», «Ғылыми кеңестің құрамына өзгерістер енгізу» бойынша талқылаулар болды.
Кеңес отырысы соңында а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Б.Ж. Таубаев жаңадан ашылған «Сарайшық» сапар орталығының ашылу салтанатына орай музей-қорықтың қорына кітап сыйлады.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru