Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей-қорықтың ғылыми қорына жаңа кітап табысталды

«Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қоры Атырау өңіріне танымал қайраткер, киелі Сарайшықтың тумасы Тұрар Ескендірұлы Чакликов туралы естеліктер жазылған «Өнегелі өмір жолы» кітабымен толықты. Саналы ғұмырын денсаулық сақтау ісіне арнаған медицина ғылымдарың кандидаты Тұрар Чакликов туралы кітапты шығарған - ұрпақтары, қызы Әсел мен ұлы Едіге. Кітапта Тұрар ағамыздың әулеті шежіресінен ақпараттар баяндалып, замандастары мен ұрпақтарының жылы естеліктері жазылған. Кітапты музей-қорыққа тапсырған Сарайшықтан шыққан тұлғаларды насихаттаушы, Тұрар ағамыздың бала кезден бірге өскен досы Ғабыржан Амиров.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru