Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сапар орталығының ашылу салтанаты өтті

2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК Сапар орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы Бисембиев және еліміздің зиялы тұлғалары қатысты. Сондай-ақ, ашылу салтанаты аясында музей-қорықтың суретші-реставраторы Кендір Отарбай Қанатұлының "Алтын Орда мұрасы" атты жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru