Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Тарих қойнауындағы асыл мұра

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар қорғау күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы "Сарайшық" ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп "Тарих қойнауындағы асыл мұра" атты семинар өткізді. Сарайшық ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы Қалмұрат Есенғазиев, "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы Амангелді Жұмабаев бүгінгі Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні мерекесімен құттықтап, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Музей-қорықтың бас инспекторы Айбек Тұрарұлы "Сарайшық маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі", ғылыми қызметкер Жүніс Байғалиев "Ортағасырлық Сарайшық археологиясы: сақтау, консервациялау және қайта қалпына келтіру", Махамбет көп бейінді ауылшаруашылық колледжінің тарих пәні мұғалімі Дина Жұқатаева "Атырау облысының мәдени-тарихи ескерткіштері", Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Бибігүл Дүйсенқұлова "Ортағасырлық Сарайшық қалашығы: зерттелуі мен музейлендіру тарихы және Ұлы дала өнері",Махамбет көп бейінді ауылшаруашылық колледжінің студенті Ермұрат Елтай "Сарайшық - мәңгілік ел мұрасы, Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектеп оқушысы Арай Сағынбай "Менің ауылым" тақырыптарында баяндама жасады. Семинар соныңда баяндама жасаушыларға сертификат тапсырылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru