Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Археологиялық сараптама жүргізу

«Сарайшық» музей-қорығы кез-келген құрылыс түрі, құбыр төсеу немесе аграрлық жұмыстар жүргізілетін аумақты, яғни, игеруге жататын жер учаскелеріне ақылы негізде археологиялық сараптама жұмыстарын жүргізетінін хабарлайды. Жер учаскелерінің археологиялық сараптамасы – зерттелетін аумақта тарихи-археологиялық ескерткіштердің бар-жоғын анықтауға арналған арнайы ғылыми зерттеудің түрі. Сараптаманың мәні мәдени қабатқа археологиялық барлау, іздестіру және зерттеу жүргізу, тарихи дереккөздермен жұмыс жасау. Сараптаманы білікті археологтар жүргізеді, жұмыс жүргізу нәтижесі бойынша тапсырыс берушіге сараптама қорытындысы беріледі.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru