Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ғұлама ғалым тұтынған жәдігерлер Сарайшық музейіне тапсырылды

Ұлттық археологияның негізін қалаушы, Сарайшық қаласына алғашқы боп археологиялық зерттеулер жүргізген кәсіби археолог, бірегей тұлға Әлкей Хақанұлы Марғұланның тұтынған заттарын, ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызы, "Сарайшық" музей-қорығының ғылыми қорына сыйға тартты. Белгілі тарихшы Самат Өтенияздың қолдауымен музей-қорық қызметкерлері А. Тұрарұлы мен А. Жұмабаев Дәнел Әлкейқызымен кездесті. Әлкей Марғұлан қоры бойынша "Сарайшық" музей-қорығында жасалып жатырған жұмыстармен таныстырған қызметкерлерді жылы шыраймен қарсы алған Дәнел Әлкейқызы ғұлама ғалым тұтынған заттар мен жаңадан шыққан кітаптарды музей-қорық қорына сыйға берді. Жаңадан жасақталып жатырған музейлендіру жоспары бойынша Әлкей Марғұлан тұтынған заттар мен жаңа кітаптар алдағы күндері музей экспозициясына қойылады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru