Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Сарайшық” музей-қорығы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензия алды

Қазіргі кезде елімізде археологиялық жұмыстар жүргізу үшін лицензия алу бойынша біліктілік талаптары күшейтілді. Бұл соңғы кездері археологиялық жұмыстармен айналысатын мекемелердің тым көбейіп, бұл сала бойынша көптеген сындарға байланысты болатын. Жаңа тәртіпке байланысты барлық мекемелердің археологиялық лицензиялар қызметі тоқтатылып, мекемелер жаңадан құжаттар тапсыруға кіріскен. Дәл бүгінгі күні елімізде археологиялық жұмыстармен айналысатын лицензия иелері санаулы ғана. Енді солардың қатарына «Сарайшық» музей-қорығы да қосылды. Наурыз айында тапсырған құжаттарымызды жіті тексерген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті республика аумағында тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін мемлекеттік лицензияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына берді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru