2023 жылғы 15 ақпанда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы, Ақтоғай орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларына онлайн экскурсия өткізді. Экскурсия барысында оқушыларға ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихы және жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары баяндалды. Сонымен қатар, музей-қорықтағы "Жас музейтанушы" және "Жас археолог" үйірмелерінің қызметі таныстырылды.