Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва (Астрахань) лагерлері тарихына қатысты іргелі еңбектің тұсаукесері өтті

Бүгін, 6 наурызда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры бірлескен «ГУЛАГ және Каспий маңы аймағы» атты тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел шеңберінде «Лагерная система в Прикаспийском регионе Казахстана (1932-1953 гг.)» (Алматы: «Арыс» баспасы, 2022 ж.) атты құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Тұсаукесерге М.Қ. Қойгелдиев (ҚР ҰҒА академигі,т.ғ.д.); Х.М. Әбжанов (ҚР ҰҒА академигі,т.ғ.д.); Б.Кәрібаев (ҚР ҰҒА академигі,т.ғ.д.); Ғ.Қ. Әнес (ф.ғ.д., «Арыс» қорының президенті); Ғ.Х. Халидуллин (т.ғ.д., Абай ат. ҚазҰПУ); Ғ.Қ. Кенжебаев (ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д.); Б.С. Жұмағұлов (т.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ); З.Г. Сактаганова (т.ғ.д., Е.Букетов атындағы Қарағанды университеті); Е.Н. Ермұқанов (т.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ); С.Қ. Шілдебай (т.ғ.к., ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архиві директоры); Б. Қойшыбаев (т.ғ.к., «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті, жазушы), Ә.Қ. Мұқтар (т.ғ.д., ҚР МСМ МК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры); А.К. Мустафина (ҚР Президенті архивінің директоры); М.Мусабаев (Саяси-қуғын сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі); У.Т. Ахметова (т.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті); Э.Ж. Имашев (pHd, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті); С.С. Исмаилов (т.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті), А.Ж. Жұмабаев (магистр, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері) қатынасты. Жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова еңбектің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде гранттық қаржыландырылған «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» атты ғылыми жоба аясында жарық көргені туралы айтып, жинақты ғылыми ортаға таныстырды. Еңбек ғылыми көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, алдағы кезеңде Прорва (Астрахань) лагерлері тарихын әлі де терең зерттеуге сәттілік тіледі.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru