Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық: тарихи кезеңдері

2023 жылғы 28 ақпанда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау қаласындағы №32 орта мектеп оқушыларына «Сарайшық: тарихи кезеңдері» тақырыбымен көшпелі көрме өткізді. Көрмеге мектеп оқушылары түгелге жуық қатысты. Бағдарлама бойынша «Ортағасырлық Сарайшық қаласының археологиялық зерттелуі» атты дәріс оқылды. Дәріс барысында мектеп оқушылары Сарайшық тарихына, археология ғылымына, Сарайшық археологтары тапқан жаңа нысандарға ерекше қызығушылық танытты. Сонымен бірге «Ойлан, тап, ізде!» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Ойын қызу талас үстінде өтті. Ойын соңында қатынасушылар өз ризашылықтарын білдірді. Сарайшық музей-қорығының көшпелі көрмесін білім ордасында өткізуге қолдау білдірген мектеп басшысы Бақтығали Самал Сайлауқызына және мектеп ұжымына алғысымыз шексіз.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru