Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей-қорық қызметкері Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысты

24 ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы А.Тұрарұлы Астана қаласында «Бозоқ» музей-қорығы ұйымдастырған «Еуразиялық кеңістіктің орталығында ортағасырлық мемлекеттердің ескерткіші – Бозоқ қалашығын сақтау: тұжырымдамалық тәсіл, даму перспективалары» атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара аясында «Бозоқ» Ұлттық паркін құру» жобасын іске асыру бағдарламаларымен танысып, ескерткіштерді сақтау іс-тәжірибесі, археологиялық қазбалар нәтижелері талқыға салынды, отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Әріптестер арасындағы өзара тәжірибе алмасу, озық тәжірибені тарату бойынша мазмұнды шара болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru