Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК мен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының РМҚК өзара келісіміне сәйкес 2023 жылы 24 ақпанда Махамбет ауданында «Ботай» музей-қорығының «Ботай мұрасы-ұрпаққа аманат» атты республикалық көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Г. Бекбаева алғы сөз сөйлеп, Махамбет ауданы әкімі Қ. Нұрлыбаевтың алғыс хатын "Ботай" музей-қорығына табыстады. Көрмеден жылқы сүйектері, тұрмыста қолданылған тастан және сүйектен жасалған құралдар, соның ішінде пышақ, найза-сүңгі, ине, қыш ыдыстың фрагменттері, құмыра, Ботай әйел адамының киім үлгісі орналасты. Көрме 6 наурызға дейін жалғасады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru