Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығының ғылыми жетістіктері

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми кеңесінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №5, №8 хаттамаларына сәйкес «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК-ң Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2020-2022 жылдарға гранттық қаржыландыруы бойынша АР08856940 «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.): «тарих, естелік, тағылым» жобасындағы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалы-нысаналы қаржыландыруы бойынша BR10164208 «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)» бағдарламасындағы алға қойылған мақсат-міндеттердің орындалуы толық қолдау тапты. Екі ғылыми жобаның жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Ұлжан Ахметова. Жоба аясында 1 ғылыми жинақ, 3 Скопус және 6 КОКОСОН базасына енетін журналдарға мақалалар жарияланды, арнайы Қазақстандағы ГУЛАГ лагерлеріне қатысты интерактивті карта жасалды. Музей-қорық жобалардың жетекшісі мен мүшелерін ғылыми жетістіктерімен құттықтайды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru