Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Кәсіпкерлер Сарайшықта бас қосты

2022 жылғы 27 желтоқсанда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Махамбет ауданы және Сарайшық ауылы кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға Бейбарыс ауылынан жүн өңдеу шебері Қуанышқалиева Зина Табылдықызы, махамбеттік ағаш шебері Сапаров Наурызбай, «Afisha Travel» компаниясының өкілі Айтқожин Кенжебек, Сарайшық ауылының кәсіпкерлері Олжабаев Еламан, Жексенов Асылбек, Қаратаева Дана қатысып, түрлі саланы қамтитын айналысып отырған кәсіптері туралы әңгімелеп берді. Музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар кәсіпкерлерге сәттілік тілеп, болашақта бірігіп жұмыс жасауға шақырды. Туризмді дамыту, оған сапалы қызмет көрсету, кәдесыйлар ұсыну сынды ортақ атқарылар жұмыстар бар екенін, өзара тиімді серіктестік болуын алға тартты. Кәсіпкерлер де өз ойларымен бөлісті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru