Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Тәуелсіз елдің-тарихи құндылықтары

2022 жылғы 15 желтоқсанда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне "Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ елінің астанасы" атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеден палеонтология және этнографиялық жәдігерлер, алтынордалық күміс және мыс тиындар, қыштан түбек, су құбырлары және тиын сауыт орын алды. Көрмені 100-ге жуық көрермен тамашалады. Сондай-ақ музей-қорықтың ғылыми қызметкері, магистр Ж. Байғалиев студенттерге ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихы және соңғы жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері туралы дәріс оқыды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru