Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 03 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Жемқорлық қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Сарайшық» музей-қорығы директорының орынбасары Ж. Диярова ашты. Іс шараға «Сарайшық» музей-қорығының заңгері Э. Урынбасарова «Жемқорлық қоғам дерті», Сарайшық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Д. Карабалина - «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Н. Жексенова - «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршаның міндеті», «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі А. Талғатқызы - «Жемқорлықтан жирену Балабақшадан басталуы тиіс», Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің тәрбие ісі орынбасары міндетін уақытша атқарушы Л. Дармурзина - «Сыбайлас жемқорлықпен куресу және оның алдын алу шаралары» тақырыптарымен қатысып, баяндама жасады.
Қорытындысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбының өзектілігін, тәжірибе алмасу қажеттілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементі ретінде халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды атап өтті.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru