Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық онлайн-көрме өткізді

2022 жылғы 3 қарашада «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өз кезегінде Қызылорда облыстық тарихи – өлкетану музейі ұжымына ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын таныстырды. Музей экспозициясындағы жәдігерлермен таныстырып, қала тарихы мен аңыздарын әңгімеледі. Қала мәдениетінің қалыптасуына ықпал еткен Ұлы Жібек жолы керуендерімен келген түрлі сырлы бұйымдарды назарға ұсынды. Онлайн-көрмені тамашалаған қызылордалық әріптестеріміз өз алғыстарын білдірді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru