Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Нумизмат ғалымның дәрісі өтті

2022 жылғы 5 қазанда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында белгілі ғалым, нумизмат, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Павел Николаевич Петровтың “Жошы Ұлысы нумизматикасы мен Сарайшықтағы ақша сарайы” атты дәрісі өтті. Дәріс барысында нумизмат ғалым алтынордалық тиындар ерекшеліктері, тиындардың сол кездегі қолданысы туралы, мыс және күміс тиындар эмиссиясы, олардың құндылығы туралы мазмұнды әңгімелеп берді. Музей экскурсоводтары келушілердің тиындарға байланысты жиі қоятын сұрақтарына жауаптар алды. Дәріс музей қызметкерлері үшін пайдалы, ертедегі ақшаларға қатысты ақпараттарға бай болды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru