Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Сарайшық” музей-қорығында Қазақстан және Ресей ғалымдарының қатысуымен Ғылыми кеңес өтті

«Сарайшық» музей-қорығында кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылыми кеңеске археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуов (Қазақстан, Алматы), нумизмат, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор П.Н. Петров (Ресей, Нижный Новгород), археолог В.В. Плахов (Ресей, Астрахань), М.С. Қасенов тарих ғылымдарының кандидаты, (Қазақстан, Атырау), этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Ерназаров (Қазақстан, Орал қ.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректор аппаратының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Қайырғалиева, Ғылыми кеңес мүшелері: тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Мұстафин, жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ұ.Т. Ахметова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры, «Мәңгілік Ел» Ғылыми зерттеу орталығының директоры А.Қ. Ахмет, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Т. Жаңабай, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі Ө.Әлімгерей, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі директоры, магистр, тарихшы М.Қ. Кипиев, Сарайшық ауылы ардагерлері Х.Сисенғалиев, Н.Құрмашев, Б.Айдашев және музей қызметкерлері қатысты. Ең алдымен Ғылыми кеңес мүшелері мен шақырылған қонақтарды музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар «Сарайшық» сапар орталығы құрылысымен таныстырды. Ғылым кеңес күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. Әлемдік музейлер және олардың озық тәжірибелері (Ғылыми қор және музей қызметі бөлімінің басшысы О.Сағынбаева)
2. Музей-қорықта атқарылған реставрациялық жұмыстар (суретші-реставратор О. Кендір)
Ағымдағы мәселелерде:
1. 2022 жылғы «Хан моласы» орнындағы ізденістер (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, т.ғ.к., археолог М. Касенов)
2. 2022 жылғы ортағасырлық Сарайшықтағы Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысы бойынша жүргізілген қазба жұмысының есебі (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, археолог М. Қасенов)
3. «Сарайшық» музей-қорығының №3 қазба орнында жүргізілген қазба жұмыстарының есебі (археолог, магистр А.Жумабаев)
4. Сарайшық археологиясының келешегі (Ресей археологы В.В. Плахов)
5. Сарайшық музей-қорығындағы ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша атқарылып жатқан ғылыми жобалардың нәтижелері (ғылыми жобалар жетекшісі т.ғ.д., профессор Ұ. Ахметова)
6. Далалық барлау экспедициясының есебі (бас инспектор, археолог А.Тұрарұлы)
7. Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы тармақтары және Сарайшық (т.ғ.д., профессор М.Елеуов)
8. Сарайшық тиындарын тазалау жұмыстары және алғашқы қорытындылары (аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к., нумизмат П.Н. Петров)
9. Ортағасырлық Сарайшықтағы этнографиялық зерттеулер (т.ғ.к., этнограф Ж.Т. Ерназаров)
10. «Лагерная система в Прикаспийском регионе Казахстана.1932-1953 гг.» атты құжаттар және материалдар жинағын шығару туралы (ғалым-хатшы А.Жумабаев)
11. Т.ғ.к., профессор П.Н. Петровтың «Джучидская нумизматика и монетный двор Сарайшык» брошюрасын баспадан шығару туралы (ғалым-хатшы А.Жумабаев)
12. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында қолөнер, сурет және жәдігерлерді қалпына келтіру лабораториясын ашу туралы (ғалым-хатшы А.Жумабаев)
13. «Ортағасырлық Сарайшықтың қорғау аймағы» және оны бекіту жұмыстары (бас инспектор, археолог А.Тұрарұлы) мәселелері көтеріліп, тыңдалды. Ғылыми кеңес қатысушылары Сарайшықта жүргізіліп жатырған жұмыстарға оң бағаларын беріп, ұсыныс пікірлерін білдірді. Ғылыми кеңесте басты жаңалықтардың бірі алтынордалық мекен Қарағайлының ашылуы болды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru