Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Барлау экспедициясы жалғасын тапты

2022 жылғы 22 қыркүйекте «Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастыруымен Қазақстан және Ресейдің белгілі ғалымдарының қатысуымен далалық барлау экспедициясы жалғасты. Экспедиция құрамында археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуов (Қазақстан, Алматы), тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Мұқтар (Қазақстан, Сарайшық), нумизмат, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор П.Н. Петров (Ресей, Москва), археолог В.В. Плахов (Ресей, Астрахань), тарих ғылымдарының кандидаты М.С. Қасенов (Қазақстан, Атырау), этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Ерназаров (Қазақстан, Орал қ.), археолог, өлкетанушы А. Тұрарұлы, археолог, докторант А. Молдахмет, магистр Ж. Байғалиев, Н. Жексенбаев бар. Экспедиция Сарайшықтан оңтүстік бағытқа шыққан экспедиция Қарабай, Жорғатай қорымы маңында зерттеу-барлау жұмыстарын жүргізілді. Барлау жұмыстары барысында Жорғатай қорымы маңынан алтынордалық мекенді анықтап, жәдігерлерін сараптады. Ғылыми топ жұмыс барысында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне сапар жасады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru