Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Хан моласы" қазба нысанында қазба жұмыстары жүргізілді

2022 жылғы 1-31 тамыз аралығында ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы «Хан моласы» нысанында «Сарайшық» музей-қорығы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты бірлесе археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Нысанда 2020-2021 жылдары зерттелген 100 шаршы метр қазба батыс және солтүстік бағытқа ұлғайтылып, жалпы қазба аумағы 300 шаршы метрге жетті. Сонымен қатар, көлемі 3х5 м кесінді шурф жер бетінен 3,2 м тереңдікке дейін қазылды. Қазба барысында бұл жердегі мәдени қабатта ХVІІІ-XIX ғасырлардағы жерленімдерден XIII ғасырға дейінгі тұрғын жайлар бар екені анықталды. Табылған жәдігерлер ішінде бірнеше мыс, күміс тиындар, ғимараттар сыртын әшекейлейтін сырлы қыш тақталар, сүйек және қыш бұйымдар фрагменттері бар. Маңызды жәдігердің бірі - қыш дастархан бөліктері. Беті тегіс ас ішуге арналған керамикалық бұйымның бұрын Сарайшықтан табылғаны туралы бізге белгілі мәлімет әзірге жоқ. Сондықтан қыш дастархан Сарайшықтан алғаш табылып отыруы мүмкін. Мәдени қабат кескінінен үлкен аумақты түгелдей алған алапат өрт іздері байқалады. Сондай-ақ топырақтан тазартылған бір бөлме еденінен көп мөлшерде қой жауырындары табылғаны назар аудартты. Бұл бөлмеде қазақтың жауырыншылық өнерімен байланысты, бақсылық, көріпкелдікпен айналысқан болуы мүмкін деп саналды.
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru