Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Белгілі археолог З. Самашевпен кездесу

Музей қорық директоры, профессор Ә. Мұқтар Шығыс Қазақстан облысындағы Ақбауыр археологиялық кешенінде белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашевпен кездесті. Кездесу барысында ортағасырлық Сарайшықтың күрделі мәселелері, соның ішінде ескеркішті сақтаудың, ғылыми зерттеудің, туризм аймағына айналдырудың маңызды жолдары талқыланды. Ақбауыр кешені біздің дәуірімізге дейінгі ХІ-ІХ ғасырларға жататын сақтардың қоныстары. Археологиялық қазбаға қатысқан археолог Альбина Ержанованың айтуынша жаңа қазбада тұрғын жайлар, өндіріс орындары ашылған, сонымен бірге тау тастарынан петроглифтер ерекше қызықты. Ол ежелгі адамдардың егіншілікпен, металлургиямен айналысқанын айқын дәлелдейді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru