Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Іссапармен “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар іссапармен “Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болды. "Берел" музей-қорығының директоры А.Сарбасовпен бірге "патшалар жазығында" орналасқан сақ обаларымен, түркі кезеңіндегі археологиялық ескерткіштермен танысып, «патшалар жазығы» мен «Хан моласы» кезіне дейінгі сәйкестіктер мен байланыстар жөнінде пікірлесті. Сақ билеушілерінің обалары, сәнбилер кезіндегі қабірханалар туралы ақпараттар мен жинақталған қазба материалдарының музей экспозициясындағы орны талқыланды. Іссапар барысында “Сарайшық” және “Берел” музей-қорықтары арасында бірлесе жұмыстар жүргізу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru