Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ақ халатты абзал жандар

Индер ауданының тумасы, жоғарғы санатты дәрігер, коронавирус індеті әлемді шарпып халықтың басына қиындық түскенде онлайн кеңес беріп елді емдеген шипагер, қоғам қайраткері, Атырау облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың фтизиатры Марат Тұрланұлы Шуақбаев бір топ әріптестерімен "Сарайшық" музей-қорығына келді. Марат аға музейге саяхаттан үлкен әсер алып, Сарайшыққа жүрекжарды өлеңін арнады. 
 
Қырық екі боп тұрса да ауасы,
Үш Орданың болған ол Бас қаласы,
Жібек жолы арқылы ол жалғаған,
Еуропа мен Азияның арасын,
Мәңгілікке орын тапқан бұл жерден,
Жеті ханың дүбірлеткен даласын,
Қасқа жолын таңдап берген қазаққа,
Қасым ханың өзі емес пе , дара шың!
Еуропаң білмегенде тазалық,
Терезеден төккен кір суын,
Сарайшығым кәріз сумен қамтылып,
Бұрқыратып монша жаққан ол буын!
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru