Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық археологиясының мәселелері талқыланды

2022 жылғы 23 маусымда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ортағасырлық Сарайшық археологиясының мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғар және мекеменің ғылым жөніндегі орынбасары Талғат Мамыров, «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының басшысы Бекзат Мыржиев, РФ Астрахань қаласынан археолог Вячеслав Плахов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Еламан Айболдинов, т.ғ.к. Жеңісбек Мұстафин, археолог, т.ғ.к. Марат Касенов, т.ғ.к. Гүлфайруз Қайырғалиева, археолог, магистр Заинов Амангелді, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы қызметкерлері Мир Әбдіғалиев, Ғаламат Базарбаев және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Жиында Атырау өлкесіндегі, Сарайшық қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары және олардың өзекті мәселелері туралы ашық әңгіме болды. Облыста археолог мамандар дайындау мәселелері, зерттеу жұмыстарын ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланды. Шара соңында қатысушылар Сарайшықта жүріп жатқан археологиялық қазба нысанымен танысты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru