Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей-қорық ғылыми қызметкерлері Сарайшық-Үргеніш көне керуен жолдар ізімен экспедицияға шықты

1 маусымда "Сарайшық" музей-қорығы Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесе Сарайшық - Үргеніш аралығындағы көне керуен жолы бойымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында археологиялық экспедицияға шықты. Экспедиция Сарайшық – Күліш – Тасқұдық – Жәнібек – Білеулі – Шеңгелді – Таскешу – Бақашы – Ұшқан – Қосқұдық – Белдеулі – Құсшы тарихи ескерткіштері арқылы жүріп өтуді жоспарлаған. Экспедицияның құрамында: т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен т.ғ.д., профессор У.Ахметова, т.ғ.к., археолог М. Касенов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, доктор PhD, географ Э. Имашев, «Сарайшық» музей-қорығының археологтары А.Тұрарұлы, Ж.Байғалиев, А.Жұмабаев, Н.Жексенбаев бар.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru