Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей-қорық директоры Алматыда өткен форумға қатысты

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар 2022 жылғы 27-28 мамырда Алматы қаласында «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» тақырыбындағы Қазақстанның І Мәдениет форумы аясында «Музейлердің жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі» атты секция жұмысына қатысуда. Форумның музей жұмысы бойынша секциясы Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік өнер музейінде өтті. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің басшылары, ғалымдар мен музей қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары шақырылған.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru