Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Нүкіс қаласындағы жұмыстар

2022 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәденит комитетінің «BR10164208 Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова және ғылыми қызметкер, магистр А.Ж. Жұмабаев, кіші ғылыми қызметкер Ж.Байғалиев Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Қарақалпақстан бөлімі Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар зерттеу институтының оқу залында ізденіс жүргізді. Зерттеу жұмысы барысында ҒА Қарақалпақстан бөлімі басшысы Мұрат Жұманов, гуманитарлық ғылымдар зерттеу институты директоры Айтмұрат Альниязов, директор орынбасары, этнограф Мақсет Қарлыбаев, археолог-реставратор Вадим Ягодин және ғалым хатшы Марат Ходжановпен кездесіп, пікір алмасып, алдағы уақыттарда бірлескен жұмыстарды іске асыруға келісті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru